БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА БЮДЖЕТТІК ӨТІНІМДЕР ТАПСЫРЫЛДЫ

Жобалық құны 825633 мың теңге болатын «Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кентіндегі 18 пәтерлік 4 тұрғын үй құрылысы» жобасы бойынша сараптама қорытындысы алынды.
Құрылыс-монтаж жұмыстарына қажетті 818390,9 мың теңгенің 2018 жылы республикалық және облыстық бюджеттерден қаралуына өтінім берілді. Қажетті қаржы қаралып, көпқабатты тұрғын үйлер пайдалануға берілген жағдайда, тұрғын үй кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары қатарындағы адамдарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін болады.