ШИЕЛІДЕ НЫСАНДАР ГАЗДАНДЫРЫЛУДА

Жергілікті бюджеттен 92 млн. теңге қаржы бөлініп, 20 бюджеттік мекемелердің және 3 қызметтік үйдің бу қазандықтары газға ауыстырылды. Сонымен қатар, кент орталығындағы 8 білім беру мекемесінің жылу қазандықтарын газға ауыстыру үшін жоба сметалық құжаттары жасалып, сараптамадан өткізілуде.
Кенттегі 26 ірі кәсіпорын мен 110 шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының 89-на газ қосылған.