ОБЛЫС ВОЛЕЙБОЛШЫЛАРЫ ОМБЫДАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

Ойын барысында барлық кездесулерде де 3:0 есебімен Сыр волейболшылары жеңіске жетті. Финалдық ойында Омбы ойыншыларымен кездескен Сыр командасы қарсыластарын 3:1 есебімен ұтып, турнир жеңімпазы атанды. Үшінші орынды Санкт-Петербург қаласынан келген спортшылар еншіледі.
Қызылорда облысының құрама командасының сапында жоғары спорт шеберлігі мектебінің волейболшылары Эрик Қасқабаев, Шыңғыс Медеуов, Бейбіт Кейкиев, Асанәлі Жолдасбек, Дәурен Ахметов, Мұхтар Қамысбаев, Омар Тұрманов және Алмат Манабаевтар ойнады.