ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР АШЫЛДЫ
Төретам кентінде 280 орындық балабақша пайдалануға берілді. Елбасының «Балапан» бағдарламасы негізінде бой көтерген бөбекжайдың ашылу салатанатында облыс әкімінің орынбасары Ақмарал Әлназарова қатысты.
– Болашағымыз саналатын бүлдіршіндердің мектепке дейінгі білім алу мәселесі облыста оң шешімін тауып келеді. Елбасының 2020 жылға дейін балаларды толықтай балабақшамен қамту тапсырмасын біз келер жылдың соңына дейін шешеміз,- деді облыс әкімінің орынбасары А.Әлназарова.
Жалпы, балабақша барлық талапқа сай жасақталған. Мұнда бүлдіршіндер үш тіліді үйреніп, түрлі үйірмелерге қатысатын болады.
Сондай-ақ Ақай ауылдық округінде дәрігерлік амбулатория ашылды. Ауыл тұрғындарының ем алу мәселесі күрделі боп келген. Енді алысқа бармай өздерінде денсаулықтарын тексерте алады.