ТІРЕКТІ АУЫЛДАРДЫҢ ТІРЛІГІ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 2 жобаны жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 177 млн. 103 мың теңге, облыстық бюджеттен 19 млн. 679 мың теңге, барлығы 196 млн. 782 мың теңге қаржы қаралып, 7,069 шақырым инженерлік инфрақұрылым желілері жүргізілді.
Сонымен қатар, Алғабас және Ортақшыл елді мекендерінен әкімшілік ғимараттар құрылыстарына аудандық бюджеттен 64 млн. 624 мың теңге қаржы бөлініп, құрылыс-монтаждау жұмыстары толығымен аяқталды.
«Тақыркөл» бас су қоймасынан №3 СКНС дейінгі екінші магистралды су тасымалдаушы құбырының, Тартоғай, Сұлутөбе, Бірлестік және Бірінші мамыр елді мекендерінің сумен қамту жүйелерінің құрылысына облыстық бюджеттен барлығы 122 млн. 807 мың теңге жоба сметалық құжаттар әзірленуге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуда.