«КРЕМНИЙ КАРБИДІН ӨНДІРУ ЗАУЫТЫ АРАЛДА САЛЫНУ ТИІС»
Арал ауданының әлеуметтік-экономикалық даму проблемаларын шешу жөнінде 2015-2017 жылдарға арналған кешенді жоспар әзірленді. Жобаны Арал ауданының әкімі Абзал Мұхимов аудан активінде аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевқа таныстырды.
Осылайша үш жылда бірқатар мәселелер шешімін таппақ. Аудан басшысы экономиканы әртараптандыруға 8,6 млрд. теңгедей қаржы қажеттігін айтты.
- Ауданның жоғары транзиттік потенциалын, теміржол, автокөліктер арқылы халықаралық көлік дәлізіне ену мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жергілікті шикізат негізінде кремний карбидін өндіру зауыты осында салынуы тиіс деп санаймын. Жұмыстардың оң шешімін табуына ықпал етуіңізді сұраймын, - деп, Абзал Мұхимов ұсынысын да жеткізді.
Аяқсу мәселесі, сор көлдерді көму, тұрмыстық қатты қалдықтарды сақтайтын полигондар салу және санитариялық жұмыстарға 6,5 млрд. теңге қаржы керек. Ал инфрақұрылым мәселесі 19,6 млрд. теңгемен шешімін табады. Мектепке дейінгі оқыту мен жалпы орта білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, тұрғын үй құрылысы салаларын дамыту мақсатында 39 шараны іске асыру үшін 17,8 млрд. теңге тарту жоспарланып отыр.
Сондай-ақ аудан әкімі 150 орындық жаңа типті орталық аурухана салу қажеттігін де тілге тиек етті. Жалпы кешенді жоспарды жүзеге асыруға 45,5 млрд. теңге қаржы қажет.
– Біз қаржы бөлуге дайынбыз. Тек жобаларыңыздың тиімділігін дәлелдеп шығуларыңыз қажет. Барлық жоба ел үшін маңызды. Халықтың тұрмысын көтеруіміз керек. Ол үшін өндіріс орындарын көптеп ашу қажет. Осы бағытта жұмыс жасаңыздар. Біз әрдайым қолдау көрсетеміз, - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
Мұнан соң аймақ басшысы Қамбаш көлі жағалауында салынып жатқан жалпы құны 450 млн. теңге тұратын 100 орындық емдеу-сауықтыру орталығының құрылысымен танысты.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі