ҒАФУР МҰХАМЕДЖАНОВТЫҢ ЕСІМІ МЕКТЕПКЕ БЕРІЛДІ
Бүгін Шиелі ауданындағы №270 мектепке мемлекет және қоғам қайраткері Ғафур Мұхамеджановтың есімі беріліп, салтанатты түрде бюсті ашылды. Шараға облыс әкімі Қ.Көшербаев қатысты.
Өңірдің дамуына өзіндік үлес қосқан Сыр бойының тумасы, мемлекет және қоғам қайраткері Ғафур Мұхамеджанов - 3 мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен, І-ші дәрежелі Отан соғысы орденімен, ІІІ-ші дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталып, Қазақ КСРО Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасының иегері атанған абзал азамат. Ол бұл атақтарға еселі еңбегінің арқасында қол жеткізді.

- Бүгiнгi білім ордасына берілген Ғафур Мұхамеджановтың есімі мен қойылған бюст – ұлттық рухтың лебiн еселейтiн, ел игілігі үшін аянбай қызмет еткен аудан азаматтарының көз қуанышына, құнды мұрасына айналсын, - деді аймақ басшысы бюстің ашылу салтанатында.
Мұнан соң облыс орталығында Ғафур Мұхамеджановтың 90 жылдық мерейтойына арналған конференция өтті. Ғалымдар, әріптестері мен шәкірттері қайраткердің еңбек жолын сөз етіп, оның адамгершілік болмысын айшықтай түсті. Келелі кездесу тау тұлғаны жас ұрпақ жадында жаңғыртуға мүмкіндік берді.