ШИЕЛІДЕ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ АШЫЛДЫ
Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлап отыр. Ауданда экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 36990 болса, оның 35124-і жұмыспен қамтылған.
Есепті мерзімде жалпы жұмыссыздық деңгейі 5 пайыз болса, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4 пайыз.
Биыл аудан бойынша 860 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып, 1 қарашаға дейін 648 жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, 11 айда жеке кәсіпкер ретінде 630 азамат тіркеліп, барлығы 1278 жаңа жұмыс орны құрылды.
Жыл басынан жұмыспен қамту орталығына 3127 азамат жұмыс іздеуші ретінде тіркелген. Жұмыс іздеуші азаматтардың 1364-і, яғни 43,6 пайызы тұрақты жұмысқа орналасты. Оның ішінде тұрақты жұмысқа орналасқан мүгедектер саны қырыққа жетті.