АЙМАҚТА ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРУДА
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев өзінің 11 қарашада өткен дәстүрлі «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауының үшінші бағытында энергетикалық инфроқұрылымды дамыту мәселесін атап айтты. Осы орайда бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында Қызылорда облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Асылбек Шәменов брифинг өткізді.
Жалпы Қызылорда облысында электр энергиясының жетіспейтіндігі рас. Қаладағы жылу орталығы облысқа қажетті электр энергиясының тек 40 пайызын өндіреді, ал қалған 60 пайызын сырттан сатып алуға мәжбүрміз.
«Соңғы 30 жылдан бері қарай аймақтың электр энергиясына жеткілікті қаржының бөлінбеуі салдарынан электр желілерінің 70 пайызы тозған. Бертін келе соңғы 4 жылда ғана елімізде экономикалық өсім байқалып 3,9 млрд теңге қаржы бөлініп, жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, Президент биылғы халыққа Жолдауында келе жатқан қаржы-экономикалық дағдарыс кезінде мультипликативтік тиімді салаларға қаржыны қайта бағдарлауды ұсынды. Атап айтқанда, көлік-логистикалық, индустриялдық және энергетикалық инфрақұрылымдарды дамыту маңызды екендігін баса айтты. Соның ішінде 2016 мен 2030 жылдар аралығында Қазақстан электр энергиясы саласына 8,2 трлн теңге инвестиция тарту көзделген, - дейді Асылбек Өмірбекұлы.
Айта кетейік, облыс аумағында барлығы 9108 шақырым әуелік және кабелдік электр желілері, 117 қосалқы және 1433 трнасформаторлық станциялар бар. Алдағы 4 жылда 207 шақырым электр желілері салынып, 7 тарату пункті мен 22 трансформаторлық станциялар іске қосылатын болады.
Фариза ОМАРОВА