ШИЕЛІДЕ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРЫНЫҢ ӨНІМІ АРТТЫ
Биыл Шиелі ауданындағы «Асылхан» шаруа қожалығы сүт және сүт өнімдерін өндіретін цехты іске қосты. Тәулігіне 1 тонна сүт өңдейтін цех пен мал сою пунктіне қажетті 91 млн. теңгелік құрал жабдықтар «ҚазАгро Финанс» АҚ арқылы лизингке алынды, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Келер жылға дейін аудандағы «Әшірбеков» шаруа қожалығы құны 72 млн. теңге болатын күріш ақтау цехын іске қосады. Осы қожалық құны 37 млн. теңге болатын құрама жем өндірісі жобасын да жыл соңяна дейін жүзеге асырмақшы. Цехтар іске қосылғанда тәулігіне 60 тонна күріш өңдеп, 28 тонна құрама жем шығарады, 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.