РЕЛАКСАЦИЯЛЫҚ ЖАТТЫҒУ – ЖАЗА ӨТЕУШІЛЕРГЕ КӨМЕК

Жаза мерзімін өтеушілер арасындағы қарым-қатынасты нығайту, олардың өзін еркін сезінуіне жағдай туғызу мақсатында ұйымдастырылған тренингте қатысушыларға түрлі психологиялық әдістер арқылы сауалдар қойылды. Сонымен қатар, Майд машинасы арқылы релаксациялық жаттығу жұмыстары жүргізілді. Тренинг соңында құм терапиясын қолдану арқылы қатысушылардың көңіл-күйлері анықталып, олар алған әсерлері жайлы айтып өтті.
Ш.КӨЛБАЕВА,
сотталғандар арасында тәрбие жұмысын
жүргізу бөлімінің маман психологы.
