МЕРЕКЕДЕГІ МАРАПАТ
1-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Жаңақорған ауданы төтенше жағдайлар бөлімінде салтанатты жиын өтті. Бөлім бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Б.Омаров қызметкерлерді мерекемен құттықтап, лебізін білдірді. Осыдан кейін ұжым мүшелері Мемлекет басшысының өмірі мен қызметіне арналған фильмді тамашалады.
Салтанатта №10 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау прапорщигі Ә.Жақсыбеков «Үздік өрт сөндіруші-құтқарушы» төсбелгісімен марапатталса, бөлімше командирі, азаматтық қорғау старшинасы М.Жұбаниязов пен қарауыл бастығы, азаматтық қорғау капитаны М.Белсенбаевқа аудан әкімінің Алғыс хаты табыс етілді.