ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ МЕН ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
2017 жылғы 6 желтоқсанда 10 сағат 00 минутта облыс аумағында құлақтандыру жүйесінің техникалық мүмкіндіктерін тексеру мақсатында С-40 маркалы электросиреналардың қосылуымен теле-радио каналдарды үзу арқылы «Баршаның назарына» бірыңғай сигналы беріледі.
Осыған байланысты Қызылорда облысы төтенше жағдай департаменті мамандары үрейге бой алдырмауды және түрлі қауесетке ермеуді сұрайды.