СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА 693 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ
Жыл басынан бері 180 мекемеден 236 бос жұмыс орындарына сұраныстар беріліп, 10 рет жәрменке өткізілді. Нәтижесінде 233 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Бұл туралы аудан әкімі Ғанибек Қазантаев мәлімдеді.
Оның айтуынша аудан бойынша үстіміздегі жылдың 1 қарашасына дейін 16 азамат жұмысқа орналасқан. Жұмыспен қамту орталығына бұрын сотты болған 10 азамат хабарласып, олардың 9-ы тұрақты жұмысқа орналасса, 1-і ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілген.
- «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша 2017 жылға кәсіптік оқуға 25 адам, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша 80 адам қайта даярлаудан өтті. Бағдарламаның екінші бағытымен республикалық бюджеттен 142,1 млн теңге қаржы бөлініп, 1 қарашаға 60 адам 303,0 млн теңге несие алды. Аталған бағдарламаның үшінші бағыты бойынша 2017 жылға жастар практикасына республикалық бюджеттен 20,4 млн теңге қаржы қаралып, есепті мерзімде 100 жас 48 мекемеге жолданды, - дейді аудан басшысы.