МЕРЕКЕ АЯСЫНДАҒЫ КІТАП КӨРМЕСІ
Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай №187 М.Шоқай атындағы қазақ орта мектеп базасында «Жұлдызы жанған Қазақстан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Шара аясында 7 сынып оқушылары «Астана – Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздіктің тірегі» тақырыбында эссе жазып, 1 - 4 сынып оқушылары арасында «Мәңгілік елге жол салған Елбасы» тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өткізілді. 5 - 7 сынып оқушылары «Ұлты ұлықтаған ұлы тұлға» тақырыбын қозғаса, 8 - 11 сынып оқушылары арасында «Елбасының қазақстандық қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі ролі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Сондай-ақ, 10 сынып оқушылары арасында «Қазақстан бәйтерегі - Астана» атты сурет байқауы ұйымдастырылды. «Біз Жасұлан – Елбасының тірегі, Еліміздің жүрегі» атты жасұландықтардың шеруі өткізіліп, қатысушыларға Елбасы жайлы арнайы кітаптар сыйға берілді.