ЖЫЛ ҮЗДІГІ ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛДЫ
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 20.01.2014 жылғы №15 санды өкімімен бекітілген «Аудандық және оған теңестірілген соттардың жұмысын үздік ұйымдастыруға республикалық байқау-конкурсты өткізу туралы» ережесіне сәйкес әр облыста «Жылдың үздік аудандық соты» байқауы жыл сайын өткізіліп отырады.
Биыл өткізілген «Аудандық және оған теңестірілген соттардың жұмысын үздік ұйымдастырушысы» атты облыстық байқау-конкурсында Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты үшінші орынға ие болды.



















