ҚЫЗЫЛОРДАДА ВЕЛОКРОСС ЖАРЫСЫ ӨТТІ
Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Қызылордада жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында велокросс өтті.
Алғашқы мәрте ұйымдастырылған жарысқа №3 облыстық велоспорт жөніндегі олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің оқушылары қатысып, үздіктер анықталды. Жарыс барысында ұлдар 15, қыздар 10 мәрте айналым өтіп, бақ сынасты.
Жарыста 2001 жылы және одан жоғары ұлдар арасында 1-орынды Ерсұлтан Әли иеленді, ал 2002-2003 жылғы ұлдар арасынан алғашқы орынға Әсет Орынбасар ие болды. 2004-2005 жылғылар арасынан алғашқы орын Жарасқан Жантөреге бұйырды.
Ал 2002 жылы және одан жоғары қыздар арасында бірінші орын тұғырына
Аружан Ғалымжанқызы көтерілсе, 2003 жылғылар ішінен Юлдуз Қалменова жеке-дара шықты.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге грамота, естелік сыйлықтар табысталды.