ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ИЛЬЯҒА АРНАП ӘН ШЫҒАРДЫ
Қызылорданың орталық алаңында екі дүркін Олимпиада чемпионы, төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильиннің құрметіне арналған мерекелік концерт кезінде «Илья – чемпион!» әні орындалды, деп хабарлайды «Кызылординские ВЕСТИ» басылымы. Өлеңнің авторы – Қызылорданың белгілі композиторы Алтын Бекенов пен ақын Махмұтбай Әміреұлы. Ал әнді Баян Бектұрған, Алмас Қожахметов және Бақытжан Найманов триосы орындады.
«ИЛЬЯ – ЧЕМПИОН!»
Әні: Алтын Бекенова
Сөзі: Махмұтбай Әміреұлы
Жаралған жаның ерліктен,
Қаһармандықтан, өрліктен.
Жеңіске жеттің тағы да,
Алаңдап көптен ел күткен.
Қайырмасы:
Илья - асыл ұланым,
Самғаған биік қыраным.
Көтердің елдің тағы да,
Байрағын, әнін, ұранын!
Қос дүркін алтын алдырдың,
Қос дүркін тауды тауға ұрдың.
Көтеріп жеңіс тұғырын,
Қол жетпес көкте қалдырдың.
Илья Ильин - тау тұлға,
Қалдың сол таудай қалпыңда.
Таңдантың тағы әлемді,
Асырдың Сырдың даңқында.
Шаттық та шалқып, тасуда,
Ұланым Жеңіс басында.
Мерейің өсіп, ұлы елім,
Жарқыра жаңа ғасырда.
Илья - золотой чемпион,
Подарил много радости.
Синий флаг гордо в небо взмья,
Илья по правду победил!
Илья Ильин - алыбым,
Толағай болған тау ұлым.
Жарқырап жанған жұлдызым,
Жаһанға жайған жарығын.
Естеріңізде болса, Илья Ильин биыл Алматыда өткен әлем чемпионатында тұғыр биігіне көтеріліп, төрт дүркін әлем чемпионы атанды. Сонымен қатар, ол осы жолғы біріншіліктің ең үздік атлеті атанды. Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте Қытай мен Кореяны алға жіберіп, үшінші орынға табан тіреді.
18 қараша күні Қызылорда жұрты батыр ұлын зор ықыласпен қарсы алып, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев спортшыға су жаңа көлік мінгізді. Ал жергілікті кәсіпорындардың бірі Ильяның Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадаға дайындығына жұмсалатын қаражатты толығымен мойнына алатынын жеткізді.
18 қараша күні Қызылорда жұрты батыр ұлын зор ықыласпен қарсы алып, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев спортшыға су жаңа көлік мінгізді. Ал жергілікті кәсіпорындардың бірі Ильяның Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадаға дайындығына жұмсалатын қаражатты толығымен мойнына алатынын жеткізді.