СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚОҒАМ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Назарбаев университеті бірлесіп өткізген «Академиялық адалдық тұрғысынан қоғамдық сананы жаңғырту» тақырыбындағы телекөпір аясында «НАРХОЗ» университетінің басшылығы еліміздің барлық жоғары оқу орындарында, колледждерде және орта мектептерде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың бірыңғай сағаты» іс-шарасын өткізу туралы бастама көтеріп, ол басқа оқу орны басшылары тарапынан қолдау тапқан болатын.
Осыған сәйкес, Қызылорда облысындағы барлық білім беру ұйымдарының оқытушы құрамы мен студенттердің және мектептердің ұстаздары мен жоғары сынып оқушыларының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың бірыңғай сағаты» өтті.
Аталған бірыңғай сағат 2015-2025 жылдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бойынша және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған мемлекеттік саясаттың маңыздылығы мен сыбайлас жемқорлықтағы өзекті мәселелер тақырыбында жүргізілді.
Бірыңғай сағаттар онлайн түрде өткізіліп, әлеуметтік желілерде көрермендерге ұсынылды. Бірыңғай сағат қорытындысында оқушылар мен студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастарға арналған өз Үндеулерін жариялады.