ЕЛ ДАМУЫНДАҒЫ ЕЛБАСЫ РОЛІ
1 желтоқсан күні дүйім жұртшылық Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекеледі. Әрбір елде халықтың, елдің тағдырына әсер ететін өз тұлғалары болады. Еліміздің Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз республиканың даму жолын айқындаған мемлекет басшысы.
Мерекеге орай Қызылорда облысы төтенше жағдай департаментінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған, «Қазақстанның нығаю жолындағы Президенттің ролі» тақырыбында салтанатты жиын болып өтті. Қызылорда облысы ТЖД бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Омар Бержанов Тұңғыш Президенттің Қазақстан Республикасының дамуы жолындағы зор еңбегін, саяси экономикалық тұрақтылық, мәдени-әлеуметтік дамудағы үлесін атап өтті.
Одан соң тәуелсіз Қазақстанның құрылуы және даму тарихы турасында деректі фильм көрсетілді. Мұнан соң қызметте ерекше көзге түскен қызметкерлерді марапаттау салтанаты болып өтті. Сонымен бірге биыл облыс орталығындағы Жаңақұрылыс көшесі №9 тұрғын үйде болған өрттен балаларды құтқарған Қызылорда қаласының тұрғындары Руслан Алтынбаев пен Бәйкен Кеңесов марапатталды.
Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы