МЕРГЕНСАЙ АУЫЛЫНДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ БЕКЕТ АШЫЛДЫ
Бүгін Арал ауданы, Мергенсай ауылдық округінде жаңа медициналық бекет пайдалануға берілді. Заман талабына сай жабдықталған мекеменің ашылғанына жергілікті жұртшылық дән риза.
1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні қарсаңында ашылған әлеуметтік нысанның ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі М.Оразбаев пен Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы Н.Байқадамов жиналған жұртшылықты қуанышпен құттықтап, медициналық бекеттің лентасын қиды.
Тұрғындарға лебізін білдірген аудан басшысы өз сөзінде қазіргі таңда аудан бойынша тағы дәл осындай екі нысан ел игілігіне берілетіндігін айтып, және аудан орталығында бөй көтерген 150 орындық аурухана да келер жылы ашылатындығын жеткізді.