БҰҰ: УКРАИНАДАҒЫ BOEING 777 АПАТЫ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ ҚЫЛМЫС
«Малайзиялық әуе желілерінің» жолаушы ұшағы Украинаның шығысында қағып құлатудан апатқа ұшырады және ол әскери қылмыс деп саналады. Бұл туралы БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Наванетхем Пиллэй мәлім етті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
«Малайзиялық әуе желілерінің» ұшағы қағып құлатудан апатқа ұшырады», - деді Пиллэй осы оқиғаға қатысты баяндама оқып, Украинадағы адамдар құқықтарына қатысты құжаттарды таныстырған кезінде. Баяндаманы БҰҰ жоғарғы комиссары басқармасының мониторингтік миссиясы әзірлеген және ол 5 маумсым мен 15 шілде аралығын қамтиды. «Қалыптасқан жағдайды ескере келе, халықаралық құқықтың мұндай бұзылуы әскери қылмыс деп танылуы мүмкін», - деп мәлім етті жоғарғы комиссар нақты әрі тәуелсіз тергеу жүргізуге шақыра отырып.
Естеріңізге саламыз, Амстердамнан Куала-Лумпурға МН17 рейсін ұшқан Malaysia Airlines компаниясына тиесілі Boeing 777 ұшағы 17 шілдеде кешкі уақытта Украинаның Донецк облысы аумағында апатқа ұшыраған болатын. Ұшақ бортында болған 283 жолаушы мен 15 экипаж мүшесінің барлығы қаза тапты. Олардың арасында Нидерланы, Германия, Франция, Ұлыбритания, АҚШ, Канада және Бельгия азаматтары бар.