СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА 37 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай есепті мерзімде 115,5 млн теңгені құрайтын 13 жоба жүзеге асырылып, 39 жұмыс орны ашылған.
Сонымен қатар, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты бойынша ауыл шаруашылығын қолдау қорынан 57 тұлға 261,3 млн.теңге және 3 ауылшаруашылық өндірістік кооперативтері 41,0 млн теңге несие алып, жұмыс жасауда.