ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУШЫЛАР ӨНЕР КӨРСЕТТІ
«Мұз айдыны» спорт кешенінде 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президент күніне орай облыстың жас мәнерлеп сырғанаушылары өнер көрсетті.
Жақында ғана Алматы қаласында мәнерлеп сырғанаудан өткен халықаралық жарыста облыстың құрама командасы табысқа жетіп, жүлдемен оралған болатын. Олардың қатарында жарыс жеңімпаздары Манас Бекташов пен Диана Жармұхамедова еркін бағдарламада сынға түскен еді.
Қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева өзінің ізбасарларының өнерін тамашалап, оларға қолтаңба берді.
Облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов Элизабетке халықаралық ареналардағы жоғарғы жетістіктері үшін күріштен дайындалған портрет табыс етті.