МАМАНДАР ЖАТТЫҒУДА ЖЕТІЛЕДІ
Қызылорда қаласындағы «Тұрангаз» ЖШС жанар-жағар май құю станциясы аумағында өрт-тактикалық жаттығулар өткізілді.
Жаттығудың негізгі мақсаты - төтенше жағдайлардағы өрт сөндірушілер әрекетін үйлестіру, нысанның ерікті өрт сөндірушілерін оқыту және жаттығуға тартылған күштер байланысын жақсарту болды.
Кәсіпорында тұрмыстық баллондарға сұйылтылған газ толтыратын құрал-жабдықтар орнатылған. Алдын ала жасалған жоспарға сай газды сорғылау сәтінде шартты өрт орын алды. Жарылыс қаупін тудырған жалын жайлы қызметкерлер « «101» жедел өрт сөндіру қызметінің жедел хабарлады. Оған дейін ерікті өрт сөндірушілер магистральдық газ құбырынан газды дереу өшіріп, жақын маңдағы тұрған теміржол цистерналарын салқындатты. Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру бөлімшелері тез арада өрттің алдын алуға кірісіп кетті.
Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінен 48 адам және 11 бірлік техника жұмылдырылған жаттығу барысында өрт сөндіру бөлімшелері жеке құрамының тәжірибелік дағдылары пысықталды.
Шара соңында Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Е.Мақашев оқу-жаттығуды қорытындылап, өрт сөндіру бөлімшелері мен нысан қызметкерлерінің бірлескен іс-әрекеттеріне оң баға берді.
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және
авариялық-құтқару жұмыстары қызметі
авариялық-құтқару жұмыстары қызметі