ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ ЖАБДЫҚТАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ
Шиелі ауданы бойынша 1 аудандық аурухана, 2 ауылдық аурухана, 1 аудандық емхана, 1 жалпы тәжірибелік бөлім, 19 дәрігерлік амбулатория, 14 медициналық бекет, 3 фельдшерлік-акушерлік бекет қызмет көрсетеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялық қызметте өткен брифингте аудан әкімі Ә.Оразбекұлы айтты.
Скрининг бағдарламасы бойынша 27480 адамды тексеруден өткізу жоспарланса, 27439 адам тексерілуден өткізіліп, жоспар 99,8 пайызға орындалды.
Аудан халқының денсаулығын жақсату, аурудың алдын алу бағытында ағымдағы жылы 12 млн. 286 мың теңгеге жаңа туылған балалардың өкпесін қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету аппараты, 43 млн 120 мың теңгеге жылжымалы цифрлы рентген, 14 млн. теңгеге операциялық стол, 4 млн. 849 мың теңгеге қолдың сүйектерін біріктіретін жабдық, 5 млн. 257 мың теңгеге операция кезінде қан кетуді тоқтататын құрылғы, 17 млн. 459 мың теңгеге өкпеге жасанды тыныс беретін аппарат, 53 млн. 174 мың теңгеге ас қорыту жолдарын және тік ішекті тексеретін аппарат алынды.
Жалпы жыл бойына аудандық денсаулық сақтау саласы 154 млн. 645 мың теңгенің құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілді.