ШИЕЛІДЕ КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫ ШИРАЙ ТҮСТІ
Ауданның өнеркәсіп орындарында 2017 жылдың 10 айында 19 млрд. 692 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, тиісті кезеңге 98,9 пайызды құрады. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 5 млрд. 372 млн. теңгеге жетті.
Елбасының тапсырмасына сәйкес ауданда шағын және орта кәсіпті экономиканың негізгі қозғаушы күші ретінде одан әрі дамыту бағытында жұмыстар атқарылуда.
Есепті мерзімде ауданда 4625 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, оларда 7646 адам жұмыспен қамтылып отыр.