СЫРДАРИЯДА 39 АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНДІРІСТІК КООПЕРАТИВІ ҚҰРЫЛДЫ

Оның айтуынша құрылған кооперативтер аралас ауылшаруашылығы, егіншілік, мал өсіріп ет өнімін алу, құс етін өндіру, көркейту-көгалдандыру жұмыстарымен айналысады.
- «50 ауыл» бағдарламасы бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы арқылы Ақжарма ауылдық округінен 20 өзіндік қосалқы шаруашылықтары бірігуі арқылы «Ақжарма - Инвест» және «Ақжарма Ынтымақ» АӨК» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері 126,8 млн теңге несие алып, 852 бас мүйізді ірі қара малының сүтті тұқымдарын көбейту бағытында күтіп бағуда. Сонымен қатар «Ақжарма - Инвест» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-нан мал сою алаңының құрылысымен ет өнімдерін өңдеу бағытында және сүт қабылдау пунктін ашуға 27 млн теңге несие алып құрал жабдықтар алуда, - дейді аудан басшысы.
Сонымен қатар, Қызылорда «Өнірлік инвестициялық орталығы» арқылы Айдарлы ауылдық округінен «Айдарлы-Кадыр ата» АӨК» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі 18 млн теңге. А.Тоқмағанбетов ауыл округінен «Игілік-Береке» АӨК» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі 14 млн теңге. Іңкардария ауылдық округінен «Даму Қожеке Батыр» АӨК» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі 13 млн теңге, Н.Ілиясов ауылдық округінен «Алихан-Заңғар» АӨК» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі 18 млн теңге несиелерін алып ет, сүт бағытындағы малдары алынуда.