ШИЕЛІ АУДАНЫНДА БЮДЖЕТ КІРІСІ БОЛЖАМНАН ЖОҒАРЫ БОЛДЫ

Биыл аудан бюджеті несиелерді қоса есептегенде барлығы 13 млрд. 100 млн. теңге көлемінде бекітілді. Оның ішінде, аудандық бюджеттің өз кірісі 1 млрд. 684 млн.теңге болды.
Осы 10 айда бюджеттің жалпы кірісі 10 млрд. 412 млн. теңгенің орнына 10 млрд. 583 млн. теңгеге немесе 101,6 пайызға орындалды. Ал бюджеттің өз кірісі болжамдалған 1 млрд. 279 млн. теңгенің орнына 1 млрд. 450 млн. теңге болды.
Есепті мерзім ішінде бюджет шығысы 98,2 пайызға (болжам 10 млрд. 405 млн. теңге) игерілді.