САЛАДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Қабылдауды сот төрағасы Асхат Сабыров жүргізіп, студенттерге сот жүйесіндегі өзгерістер, соттың қарауына жататын істер санаты, сот жүйесін реформалаудағы жұмыс барысы туралы айтып, оның құқықтық мемлекет құрудағы ерекше маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, Асхат Аббасұлы сот саласына енгізіліп, пайдаланып жатқан жаңа инновациялық технологиялар, «Сот кабинетінің мобильді нұсқасы» арқылы көрсетілетін электрондық қызметтер, сотқа СМС арқылы шақырту жолдау туралы айтып берді.
Өткізілген іс-шара шегінде студенттер сот қызметімен танысып, қылмыстық іс бойынша сот процесіне қатысты.