ШИЕЛІДЕН ЦЕМЕНТ ШЫҒАТЫН КҮН АЛЫС ЕМЕС

Сонымен бірге, «Бек-транс строй» ЖШС құны 55 млн. теңгені құрайтын құрылыс материалдарын өндіруге арналған жоба ұсынып отыр. Бұл жоба бойынша жылына 12 мың тонна әк тас, 1 млн. дана полипропилен қапшығы, 180 мың дана шлакоблок шығару жоспарланған.
Көңілге қонымды жұмыстардың қатарына индустриалды аймақта атқарылып жатқан шараларды да қосуға болады. Аталған аймақта орналасқан «Мия Шиелі» ЖШС мия тамырын өңдейтін зауыт салған. Серіктестіктің мия өңдеу зауытына 5 гектар жер телімі берілген. Жобалық құны 612 млн. теңгені құрайтын мия зауыты барлық инфрақұрылым тартылған индустриалды аймақта орналасқан. Жылдық қуаттылығы 250-300 тонна шикізат өндіруге қауқарлы зауытта 50 адам жұмыс жасайды.