ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ 2015 ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАРЫНДА БАСТАЛАДЫ
Тұрғын үй құрылысының жаңа бағдарламасы бойынша құрылыс жұмыстары 2015 жылдың қаңтарында басталады. Бұл туралы бүгін «Қазақстан-2050» демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының отырысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазіргі уақытта біздер тұрғын үй салудың жаңа механизмдерін әзірлеудеміз. Бағдарламаға сәйкесінше өзгертулер желтоқсан айында енгізіледі. Ал 2015 жылдың 1 қаңтарынан еліміздің барлық өңірінде жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша үйлердің құрылысы басталады», - деді ол.
Б.Сағынтаевтың атап өтуінше, жалдамалы тұрғын үй құрылысы жүргізілетін аудандарға инженерлік желілер тарту және құрылысты жобалауға 35 млрд. теңге бөлінеді. Сонымен қатар жалдамалы тұрғын үй құрылысы үшін «Бәйтерек» холдингіне 0,1 пайыздық ставкамен 30 жылға 145 млрд. теңге бөлу жоспарланып отыр.
«Жалдамалы тұрғын үй құрылысы бағдарламасының операторы «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» АҚ болады. Қосымша 1 млн. шаршы метр тұрғын үй салынады», - деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.
Оның айтуынша, тұрғын үй құрылысына Ұлттық қордан бөлінетін 145 млрд. теңгеден бөлек те қаржы қарастырылады. Атап айтқанда, 2013-2014 жылдарға арналған «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасына 29 млрд. теңгеден астам қаржы қарастырылған болса, Қазақстанның ипотекалық компаниясы қор нарығында 2017-2019 жылдарға арналған 50 млрд. теңге сомасындағы облигацияларды орналастырады. Бұдан бөлек, басқа да қаржы көздерін баспана құрылысына 25,8 млрд. теңге тартылады.
«Нәтижесінде тұрғын үй құрылысына салынатын қаржының жалпы көлемі 250 млрд. теңгені құрайды», - деді Б.Сағынтаев.