КІТАП ҚОРЫ 4,5 МЛН ДАНАДАН АСАДЫ

Есепті мерзімде облыс кітапханалары 199 234 оқырманға қызмет көрсетті. Кітап берілімі 3 460 180, келушілер саны 1 378 183 құрады.
Ұлттық кітапхананың Қазақстандық корпоративтік каталогтау орталығына барлығы 56 654 жазба жіберіліп, 64 503 жазба алынды. Цифрлы форматқа 4196 кітап (864 593 бет) және 6 газет 29 978 бет көшірілді.
Облыс кітапханаларының материалдық-техникалық базасын нығайтуға сервер, компьютер, т.б. құрал-жабдықтар алынды.
Жалпы бүгінде облыс кітапханаларының кітап қоры 4 518 903 дананы құрайды, оның 2 375 314 данасы қазақ тіліндегі әдебиет.