КӘНІГІ БАРЫМТАШЫ ҚОЛҒА ТҮСТІ
Осы жылдың 24 қарашасында полицияға 50 жастағы аудан тұрғынынан Қоғалыкөл ауылына жақын Аңламас жайылымынан 24 жылқысының қолды болғаны жөнінде арыз түседі.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша полиция қызметкерлері күдіктіні тез арада анықтап, оны ұстау шараларын ұйымдастырған. Қазір аудандық полция бөліміне жеткізілген 36 жастағы азаматтың тағы осындай үш қылмысқа қатысы барлығы анықталып отыр.
Аталған факті бойынша қазір соталды тергеу жұмыстары басталды.
Сондай-ақ, облыстық ІІД баспасөз қызметі осы жылдың 24-26 қарашасы аралығында мал ұрлығын болдырмау, оған қатысы бар азаматтарды анықтау мақсатында «Соғым» жедел-профилактикалық шарасының ұйымдастырылғанын хабарлайды.
Үшкүндік шара аясында жұмыс тобы мүшелері үйлерді аралап, малды ұрылардан сақтаудың жолдары жайлы түсіндірме жасады.
Рейд барысында мал ұрлығына қатысты 7 факті анықталып, 3 қылмыстық топ ұсталды.