ЖОЛ ТӘРТІБІНІҢ ЖАЙЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік» тақырыбында №7 орта мектепте шара ұйымдастырылды. Аталған шараға 1-7 сынып аралығындағы оқушылар қатысты.
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу шарасы барысында мектеп оқушыларына жолда жүру ережелерін, жол белгілерін, өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Екінші сынып оқушылары арасында «Жол тәртібін жадыңда ұста» тақырыбында сайыс өткізілді.
Мектеп тәлімгері мен мектеп инспекторы 1 сынып оқушыларын жол белгілерімен таныстырып, «Қауіпсіз автобус» және «Қауіпсіз мектеп» бағдарламасы бойынша шара ұйымдастырды.
«Қауіпсіз мектеп» аясында 7 сынып оқушылары Шұғыла мөлтек ауданының шағын макеті арқылы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу шарасы жайлы таныстырып өтті.