ҰСТАЗДАР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
"Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясындағы кезекті семинар-практикум №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында өтті.
Семинар-практикумда ұстаздар "Туған жер", "Үш тілде білім беру", "100 жаңа есім", "100 жаңа оқулық" жобалары аясында инновациялық жұмыстар бойынша тәжірибе алмасты
Шара бағдарламасына орай семинар-практикум шығармашылық галерея жұмыстарымен танысу, CLIL пəнді кіріктіріп оқыту: жаңа форматтағы сабақтар, ашық сабақтары сериясы, жаңа жобалар таныстырылымы тақырыптары бойынша өтті.