МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ КУБОК ИЕЛЕНДІ

Ақтық сынға жолдама алған сегіз топ додаға түсіп, қызықты ойын өрнегін көрсетті. Оқушылар мен студент жастардан құралған жайдарманшылар сайысында №249 мектеп-лицейдің "50/50" командасы аудан әкімінің арнайы кубогін қанжығасына байлап, бас жүлдені иеленсе. №165 мектеп жастарының "ССМ" командасы 1-орынды, Қазалы көлік-техникалық колледжі студенттерінен құралған "ҚТЖ " командасы 2-орынды, Қазалы агро-колледжі жастарынан құралған "Аграрка" жастары командасы 3-орынды иеленді.
Сайыста аудан әкімінің кеңесшісі Берік Бейсенбаев жетістікке жеткен жастарға сәттілік тілеп, аудан басшысының лебізін жеткізді.
