МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СУРЕТ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ
9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес кеніне орай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен Қызылорда қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен облыстық тарихи-өлкетану музейінде мектеп оқушыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы суреттерінің көрмесі ашылды.
Шараны ұйымдастырудың басты мақсаты оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және оған мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру болып табылады.
Көрмеге Қызылорда қаласының орта мектептері оқушыларының жемқорлыққа қарсы үздік суреттері қойылды.
Қала мектептерінің оқушылары көрмені 10 күн бойы аралап тамашалайтын болады. Үздік сурет салған оқушылар көрме қорытындысымен алғыс хаттармен марапатталады.