ҚАЗАҚСТАНДА БЕС АВТОЖОЛДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
Қазақстанда бес автомобиль жолының құрылысы басталады. Бұл туралы «Қазақстан-2050» демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының отырысында ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Жолдауда айтылған мақсат-міндеттерге сәйкес, жалпы ұзындығы 5 452 км болатын бес автомобиль жолының құрылысы басталады. Атап айтқанда, Астана-Алматы – 1300 км, Астана-Өскемен – 950 км, Астана-Ақтөбе-Атырау-Астрахань – 1600 км, Алматы-Өскемен – 712 км және Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Павлодар – 2790 км», - деді Б.Сағынтаев.
Бұл жобаларды жүзеге асыру елімізде 200 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік бермек.
«Темір жолдар мен Каспий теңізіндегі порттық инфрақұрылымды салуға «Самұрық-Қазына» қорын капитализациялау арқылы 46,2 млрд теңге қарастырылады. Атап айтқанда, 2015 жылы – 19,8 млрд теңге, 2016 жылы – 6,4 млрд теңге», - деп қосты ол.