ҰШУҒА РҰҚСАТ БЕРУ МЕРЗІМІН 6 АЙҒА ДЕЙІН ҰЗАРТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
Көлік және коммуникация министрілігінде көлік және туристік салалардағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі кешенді шараларды қабылдау мақсатында құрылған көлік саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті, деп хабарлайды BNews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Соңғы кездері туроператорлардың клиенттерге тиісті деңгейде қызмет көрсетпеу жағдайларының қайталануы жұмыс тобын құруға себеп болған. Кездесуге Азаматтық авиация комитеті, KAZLOGISTICS Қазақстан көлікшілерінің одағы, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, туроператорлар, Туризм индустриясы комитеті, Халықаралық әуе көлігі ассоциация (ИАТА), Air Astana және Scat авиакомпаниялары, сонымен қатар Көлік прокуратурасы өкілдері қатысты.
Қаралған мәселелердің қатарында қатысушылар авиакомпанияларға ұшу рұқсаты мерзімін 1 айдан 6 айға дейін ұзарту мәселесін талқылады. ҚР ККМ Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Талғат Ластаев қазіргі кезде бұйрық жобасы құзырлы ұйымдарға келісуге жолданғанын атап өтті. Әділет министрлігіне тіркеуге бір айдан кейін жолданады деп күтілуде.