ӨТІНІМДЕРІН ҚАРАУСЫЗ ҚАЛДЫРДЫ
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «Қазсушар» РМК-ның «Арал» СЖКБД филиалының және «Қызылорда су жүйесі» МКК-ның бекітілген инвестициялық бағдарламаларын түзетуге ұсынған өтінімдерін қараусыз қалдырды.
Департамент «Қазсушар» РМК-ның «Арал» СЖКБД филиалының және «Қызылорда су жүйесі» МКК-ның түзетуге берілген инвестициялық бағдарламалары бойынша іс-шаралар мерзімдерін қайталап ауыстырылуына байланысты «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының 15-3 бабының 10-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №194 бұйрығымен бекітілген, Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) бекіту, оларды түзету, сондай-ақ олардың орындалуы туралы ақпаратқа талдау жүргізу қағидаларының 26 тармағының жетінші абзацын басшылыққа алып түзетуге ұсынылған өтінімдерін қараусыз қалдырды.