ТЕКСЕРУ ҚОРЫТЫНДЫСЫНА ОРАЙ 197 НҰСҚАМА БЕРІЛДІ
Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасымен осы жылдың 9 айында әр түрлі меншіктегі 246 мекеме мен кәсіпорынды тексерді. Оның барысында 319 заң бұзушылық анықталған.
Тексеру қорытындысымен анықталған заң бұзушылықтарды жою жөнінде 167 нұсқама беріліп, оның 155 орындалып, 319 заң бұзушылықтың 303 жойылған. 5 309 460 теңге мөлшерінде 44 айыппұл салынып, оның 4 379 170 теңгесі өндірілді.
Мемлекеттік еңбек инспекторларымен облыстағы мекемелер мен кәсіпорындарда 67 рет құқықтық оқулар мен кездесу, 24 рет бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Еңбек заңнамасы бойынша 262 заң бұзушылық анықталып, оны жою жөнінде 135 нұсқама берілді. Қабылданған шаралар нәтижесінде есепті кезеңде 249 заң бұзушылықтар жойылған (95,5%).
Осыған орай 26 әкімшілік шара көріліп, 2 ескерту, 3 516 950 теңге мөлшерінде 24 айыппұл салынды.