ДЕПАРТАМЕНТ ЖІГІТТЕРІ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қаржылық бақылау жүйесінің 25 жылдығы құрметіне мини-футболдан өткен облыстық турнирде Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің командасы жеңімпаз болды. Бұл жарысты облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаменті мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырды.
Облыстағы мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың алты командасы қатысқан аяқ допшылар сайысында екінші және үшінші орындарды, тиісінше, облыстық соттың және Қызылорда мемлекеттік университетінің командалары бөлісті.
Қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы Данияр Айбосынов турнирдің «Үздік ойыншысы» болып танылды.
Барлық жеңімпаздар мен үздіктер арнайы дипломдармен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.