ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ БҮГІН ҚАР ЖАУЫП, КӨКТАЙҒАҚ БОЛАДЫ
Синоптиктердің болжауынша, Қазақстан аумағының басым бөлігінде бүгін қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болып, жел күшейеді, тек республиканың батысы мен оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды BNews.kz.
Қазгидромет хабарлағандай, Ақмола облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, боран соғып, желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Павлодар облысында боран соғады.
Қостанай облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі мүмкін, күндіз жел 18 м/с-қа дейін күшейеді. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Атырау, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі деп болжануда.