ШЫМКЕНТТЕН АҚТӨБЕГЕ ИТЕЛГІ АЛЫП ӨТПЕК БОЛҒАН АЗАМАТ ҰСТАЛДЫ
Жуырда жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полиция ротасы қызметкерлері «LADA Largus» маркалы автокөлігін тоқтатып, оны тексеру барысында матаға оралған 2 ителгі шықты. Сирек кездесетін құсты заңсыз тасымалдаған Оңтүстік Қазақстан облысының 28 жастағы тұрғыны ұсталды.
Аталған дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша тіркеліп, тиісті тергеу амалдары жүргізілуде.
Егер де ұсталған азаматтың кінәсі дәлелденген жағдайда, оған үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салынады. Немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.