ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ АЙДОС СҰЛТАНҒАЛИ – ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
Быдгощ қаласында (Польша) грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі ерлер арасында өткен Әлем чемпионатында жерлесіміз Айдос Сұлтанғали 59 келі салмақта қола жүлдені иеленді.
Ол бірінші белдесуде Алжир спортшысын техникалық әдіспен жеңсе, одан кейінгі кездесулерде қарсыластарын 10:4, 6:5 есептерімен айқын басымдықпен ұтты. Жартылай финалда жапон балуанына 6:5 есебімен есе жіберіп алды. Қола медаль үшін болған кездесуде Болгария спортшысынан айласын асырып, үшінші орынды алды.
Айтулы жарысқа Қазақстан құрамасынан 8 спортшы қатысса, жалғыз қола медальді Сыр спортшысы еншіледі. Айта кетейік, облыс тарихында 2005 жылы грек-рим күресінен ересектер арасында Ермек Көкетов Әлем чемпионатында қола жүлдегер атанса, оның жетістігінізбасары Айдос қайталады.
А.Сұлтанғали 1996 жылы Қызылорда қаласында туылған. Грек-рим күресінен ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жастар арасында Қазақстан чемпионы, ересектер арасында күміс жүлдегері. 2015 жылғы жасөспірімдер, 2016 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионы. Биылғы жылғы Түркіменстанның астанасы Ашхабад қаласында өткен жабық кешендегі Азия ойындарының қола жүлдегері.
Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінде тәлім алатын Айдостың бапкерлері Ғабиден Райымбек және ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Виктор Юн.