СЫРДАРИЯДА МАЛ БАСЫ ӨСІП КЕЛЕДІ

Сондай - ақ, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша есепті кезеңде сүт өндірісі 1,1 %-ға (5585,0 тонна), жұмыртқа 0,5 %-ға (141,3 мың дана) артып отыр.
Биыл «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 263 бас мүйізді ірі қара малын сатып алу жоспарланып, барлығы 353 сиыр, 20 асыл тұқымды бұқа сатып алынып, көрсеткіш 134,2 пайызға орындалды. Сондай-ақ «Құлан» бағдарламасы бойынша 63 жылқы сатып алу жоспарланса, сатып алынғаны 74-ке жетіп, көрсеткіш 111,1 пайызды құрады, – деді Ғанибек Қонысбекұлы.