СТУДЕНТ ҚЫЗДАР САЙЫСТЫ

Сайыста колледждің спортшы арулары тартысты да, қызықты ойын көрсетті. Жеңімпаз атанған Қазалы көлік техникалық жоғары колледжіне Қызылорда облыстық білім басқармасы Аймақтық дене тәрбиесі методикалық орталығының ауыспалы кубогі табысталса, екінші орынды «Болашақ» колледжі иеленді. Үшінші орын жүлдесін Қызылорда медицина колледжінің студенттері алды.
Жарыс қортындысына үздік ойын көрсеткен ойыншылар да марапатталды.