КӨШПЕЛІ МҰРАЖАЙ КӨРМЕ ӨТКІЗДІ
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЗК-169/5 мекемесінде сотталғандар арасында теолог мамандардың ұйымдастыруымен мекемедегі жаза мерзімін өтеуші азаматтар арасында ұлттық құндылықты насихаттау мақсатында көшпелі мұражай көрмесін ұйымдастырды.
Көрмеде еліміздің көне тарихынан сыр шертетін тұрмыстық заттар, ағаштан, аң терілерінен жасалған бұйымдар қойылды. Шарада Қызылорда облыстық –өлкетану музейінің қызметкері Н.Оспанов қатысып, көрменің бүгінгі тыныс-тіршілігі, ұйымдастырылу мақсаты жайлы жалпы түсіндіріп өтті.
Көрмені 70-тен аса жаза мерзімін өтеуші азамат асқан қызығушылықпен тамашалап, алған әсерлерімен бөлісті.
Д. АБЖАМИЕВ,
ЗК-169/5 мекемесінің САТЖЖ бөлімінің
теологиялық оңалту тобының инспекторы,
әділет аға лейтенанты.