"ТІЛ ПАРАСАТ" АТТЫ АУДАНДЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ
Қазалы ауданының мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімі мен Қазалы ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгерген орыс жастарын анықтау жəне ынталандыру, тіл мəдениетінің деңгейін жəне мемлекеттік тілді қолдану беделін арттыру мақсатында 15-17 жас аралығындағы орыс жастары арасында қазақ тілі білгірлерінің "Тіл парасат" атты аудандық байқау өткізілді.
Байқау үш аталым бойынша өткізілді. Қорытындысында 16 мектептің оқушылары Ломкина Александра І-орынды, Изюмникова Ольга ІІ-орынды, Лапшина Ксения ІІІ-орынды иеленді.